Жаһандық жылынудың салдарын жұмсарту үшін Париж келісімі аясында жаһандық орташа температураның өсуін 1,5°C дейін шектеу сияқты күрделі міндет қойылды. Quick-Step маркасына иелік ететін Unilin бұл міндеттің 2050 жылға қарай орындалуына ықпал ету үшін барлық күш-жігерін жұмсауды шешті. Біздің көрсеткіштеріміз жаһандық жылынумен күрес бойынша практикалық ұсыныстар беретін «Ғылыми негізделген нысаналы көрсеткіштер бастамасы» арқылы тексеріледі. 2030 жылға дейін шешуші шаралар қабылдау қажет, сондықтан біз өз алдымызға өте ауқымды қысқа мерзімді міндеттер қойдық, оларды орындағаннан кейін 2050 жылға қарай көміртегі шығарындыларының нөлдік деңгейіне біртіндеп шығу жоспарлануда.













